Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Нақты саны жоқ". Қазақстанда қанша блогер бар, олар қанша салық төлейді? Министрлік жауап берді

10:12, 19 сәуір 2024 592

Қазақстанда наурыз айынан бастап блогерлер мен жарнамаға қатысты заң қабылданды. Бұл туралы alash.kz сайты Massaget.kz сайтына сілтее жасап, елімізде қанша инфлюенсер барын, олардың қаншасы салық төлейтінін анықтап көрді. 

Порталдық жазуынша, "Өмір көркем" бағдарламасында блогерлер саны ресми емес деректерге сүйеніп айтылды. Бағдарлама мәліметінше, елімізде 556 мыңнан аса блогер бар екен. Оның 483 мың блогердің 10 мыңға дейін, 63 мың блогердің 50 мыңға дейін, 10 мың блогердің 500 мыңға дейін, 400 блогердің 1 миллионға дейін, ал 230 блогердің 1 миллионнан аса оқырманы бар көрінеді.

Мәдениет және ақпарат министрлігі блогерлердің нақты саны туралы не айтады? 

"Қазір Қазақстанда жұмыс істейтін инфлюенсерлердің нақты саны жоқ. "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" заңға сәйкес инфлюенсер (блогер - еск.) - онлайн-платформада тұлғалардың беймәлім тобына арналған ақпаратты кәсіпкерлік қызмет мақсатында жариялайтын онлайн-платформаны пайдаланушы. Олардың санын дәлірек анықтау үшін онлайн кеңістіктің талдауы жасалып жатыр", - делінген жауапта. 

Сондай-ақ, министрлік блогерлер саны туралы келтірілген бағдарлама деректерін растай алмайтынын айтыпты, себебі заң контекстінде инфлюенсердің қанша оқырманы бары маңызды емес.

Қанша блогер салық төлейді?

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бұл сұраққа жауап берген еді. 

"Қазір 400-ден аса блогер тіркелген. 2023 жылы олар 200 миллион теңгеден аса салық төлеген. Егер олардың қызметі бизнеске қатысты болса, әрине, салық төлеуі керек. Бұл үшін арнайы салық режимі бар. Жүктеме 1 пайыздан 4 пайызға дейін", - деді Жамаубаев.

Заң не туралы және оның мақсаты қандай?

Жарнамаларға қатысты қабылданған Заңның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. 

Заңның маңызды аспектісі - деструктив ақпаратқа байланысты тәуекелдерді азайту үшін онлайн ортадағы контентті мұқият модерациялау. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар