Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Намазхандар осылай шашып кетеді". Белгілі блогер Рүстем Жүгінісов әжетхана тазалап, жамағатты әдепке шақырды

14:59, 16 қазан 2025 256

Белгілі блогер Рүстем Жүгінісов әлеуметтік желіде тазалық тақырыбын сөз етіп, ел назарын аударды. Ол қоғамдық әжетхананың ішін өз қолымен тазалап, халықты тазалық сақтауға, әдепті болуға шақырды, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Aykin.kz басылымына сілтеп.

Видеода Рүстем Жүгінісов кейбір адамдардың дәрет алу кезінде су шашып кететінін cөз еткен. Соның салдарынан қоғам ішінде намаз оқитын жамағат жайлы теріс пікір қалыптастыратынын да айтты. 

"Кей жерлерде дәрет алатын уақытта мынадай етіп, суын шашып кететіндер болады. Содан кейін намаз оқымайтын кісілер "намазхандар осылай шашып кетеді" деп жаман ойлайтын болады", — дейді ол.

Осы жағдайдан кейін Жүгінісов өзінен бұрын дәрет алып кеткен адамның орнын тазалап, ретке келтіргенін көрсетті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар