Әлеуметтік медиада "Хомай" әнімен әлем халқының ықыласына бөленген башқұрттардың Ay Yola тобы қазақ халқына айрықша алғыс айтты. Олар өз ұлттық аспабымен «Балбырауын» күйін орындап, бауырлас ұлтқа алғысын жаудырған, деп хабарлайды Alash.kz порталы.
«Қазақ халқына көп рахмет айтамын. Бұл – туысқандардың нағыз көмегі! Бізге репост, лайк және комментарий арқылы қолдаған барлық халықтарға ән арнаймыз. Әлемдік чарттарды түркі музыкасымен жарып өтейік», – деп жазды топтың өкілі Ринат.
Қазақтарда қалыспай, башқұрт өнерпаздарының еңбегіне зор баға беріп отыр.
«Ay Yola тек музыка жасап жатқан жоқ. Олар түркі халықтарының арасындағы байланыс орнатуда. Ырду-дырдуы көп әлемде олардың шығармашылығы бізге тамырымыздың бір екенін, бірлік жайлы ескертеді», – деп баға берді қазақстандық желі қолданушыларының бірі.
Башқұртстандық Ay Yola тобының «Хомай» әні қазақстанда хитке айналды. Көне жырдың негізіндегі мәтін мен ғасырларды бейнелейтін сазы әлеуметтік желіде қазақстандықтарға қатты ұнағаны байқалды.