Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мықты ОПГ болса еститін едік қой». Талғарда "суретке түсіп қайтқаны" үшін сынға қалған Назаров Хасан жайлы айтты

16:42, 16 қазан 2024 1574

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Алматы облысы Талғар қаласына сапарында сынға ілінді. Оның Шерзаттың өртенген үйінде фотоға түскенін көпшілік айыптап, нақты іс әрекетке көшуді талап еткен. Бүгін ол "Хасан ОПГ" жайлы ештеңе білмейтінін, естімегенін айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы

Депутаттың Шерзат Болат өлтірілген дүкеннің алдына барып, фотоға түсуін көпшілік түсінбей қалған. Бүгін журналистер депутатқа Мәжіліс кулуарында осыған байланысты бірнеше сұрақ қойды. Бұл жайлы Ulysmedia.kz жазды.

Ардақ Назаров ешбір мобилографсыз  Талғарға өз еркімен барғанын айтты. Өзін нақты істің адамы екенін жеткізді.  

Сонымен қатар, “Хасан ОПГ” дегенді естімегенін жеткізді:

– Мықты ОПГ болса аты шыққан жігіттер болса, еститін едік қой. Қазақстанда аты шыққандарды бәріміз білеміз. Тоқсаныншы жылдары Сары Алмас болсын, Қара Алмас болсын, Атабаны білем. Сондықтан оның бәрі әлеуметтік желінің кесірінен “бандиттер болған сондай” деген сияқты мүмкін соларға тиіп жатқан болуы мүмкін. Көшеде қазір кім төбелеспей жатыр? 

Ал "Талғарға барған кезде сізді көп сынап, ашық жазды. Сіз солардың бәрін оқып отырсыз ба? Не деп жауап бересіз?" деген сауалға: 

– Мысалы мен оқымаймын. Басымды қатырып қайтем. Тіпті біздің Пайғамбардың өзін жынды деген. Иса пайғамбарды өлтірмекші болған. Абайдың өзін қан жылатқан қазақпыз. Оның жанында біз кімбіз? Шәкәрімді құдыққа тастаған кезде Ардақ Назаровқа сын айту – мен оған қуанамын. Депутат болғанға дейін сынды әр жерден еститінбіз. Ол кезде менің жанұяма, спортзалыма жауап беретінмін. Кейбір жастарға жасап беретінмін. Ал қазір халықтың жауапкершілігі тұр ғой. Сондықтан, 20 млн адам бар ма – сонша пікір бар. “Мен ондай емеспін, мен осындаймын, мен жақсы ниетпен бардым, азаматтық парызым бар ғой, қасымда мобилограф болған жоқ” деп ақталмаймын ғой. Сондықтан мен өзімнің ісімді білем - деді Назаров. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар