Атырауда өз туған әкесі егіздеріне зорлық көрсеткен. Күйеуінен күдіктенген әйел бірден полицияға арызданған, деп хабарлайды Alash.kz Skifnews.kz порталына сілтеп.
– Алғаш танысқан кезде күйеуім ішімдік ішпейтінін, шылым шекпейтінін айтқан еді. Балаларыма 9 ай болғанда, оның есірткі қолданатынын білдім. Полицияға шағым жазғанда, балаларым 3 жасқа толды. Күйеуім мені жұмысқа шығарып, өзі декреттік демалыс алды, – деп отыр егіздің анасы.
Бәленің бәрі осыдан соң басталған. Өйткені, балаларының мінезі тұйықталып, көп жылауды шығарған. Мұны балабақшадағы тәрбиешілер де байқапты.
– Жұмыста жүргенімде балабақша тәрбиешісі телефон шалды. Ол балалардың бірнәрседен қорқатынын, ұйықтаған кезде бір-бірінің қолынан ұстап жататынын айтты. «Мені сағынатын болар» деп ойладым. Алайда баланың құйрық тұсы көгергенін байқадым. Содан соң күдіктіне бастадым, – дейді балалардың анасы.
Күйеуінен ондайды күтпеген ол полицияға арыз жазған.
– Бір жылдан асты, бірақ күдіктіні әлі ұстаған жоқ. Сараптама жүргізу үшін проктологты өзім табуым қажеттігін айтты. Шу көтерген едім, мені түрлі интсанцияға жібере бастады. Дәрігер "Мықты болыңыз, екі балада да зақым бар. Ұлыңыз дефекацияны бақылай алмайды" деп айтты, – дейді амалы таусылған ана.
Балаларға екінші рет сараптама жүргізілген. 1 ай бұрын балаларды қараған дәрігердің сараптама жүргізуге лицензиясы болмай шыққан. Сол себепті, дәрігер қорытынды бере алмаған.
– Аталған дерек бойынша қылмыстық іс бір жылдан бері тергеліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізу қолға алынды. Тергеу кезінде бірнеше сараптама берілген. Қазір комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптаманың нәтижесіне сәйкес процессуалдық шешім шығарылатын болады, – деп мәлім етті Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.