Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мұз үстімен өтпек болған»: Көктемде жоғалған 14 жасар баланың мәйіті табылды (ФОТО)

15:14, 23 тамыз 2026

Ресейдің Ульяновск облысында бес айдан астам уақыт бойы іздеуде болған 14 жастағы А.В. Кузнецовтың денесі Еділ өзенінен табылды, деп хабарлайды Alash.kz.  

РФ ТК Ульяновск облысы бойынша Тергеу басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, қаза тапқан жасөспірімнің денесі 23 тамыз күні таңертең Император көпірі ауданындағы жүк портынан 300 метр қашықтықтағы өзен акваториясынан шығарылған. Қаза тапқан баланың денесін туыстары танып, оқиға орнында тергеушілер, полиция қызметкерлері мен өңірлік ТЖМ мамандары тиісті жұмыстарды жүргізді.  

Тергеу барысында анықталғандай, қайғылы оқиға наурыз айында орын алған. Екі жасөспірім 22-сінен 23 наурызға қараған түні Ульяновск қаласының Заволжский ауданынан Ленин ауданына қарай Еділ өзенінің мұзы үстімен жаяу өтпекші болған. Алайда олар хабар-ошарсыз жоғалып, аталған факті бойынша тергеуші қылмыстық іс қозғады. Содан бері «Азаматтық қорғау және өрт қауіпсіздігі қызметі» облыстық мемлекеттік қазыналық мекемесінің Құтқару орталығымен бірлесіп, күнделікті іздестіру амалдары жүргізіліп келген болатын.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар