Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мұхамедиұлы тағы да бірнеше айыппен сотталды

09:11, 01 наурыз 2024 507

Сот үкімі бойынша, экс-министр рейдерлікпен айналыс, бюджет қарадатын жымқыру, "Өкілетін асыра пайдалану" баптары негізінде кінәлі деп танылды.  

Тергеу деректері бойынша, Мұхамедиұлы мәдениет министрі және одан кейін ұлттық музейдің директоры қызметінде жүргенде 2017-2019 жылдары "Алтын адамның әлем мұражайларына шеруі" жобасынан "Э." атты компания директорының орынбасары және бухгалтер көмегімен қызмет ақысын көтеру арқылы 1,5 млрд теңгені қолды қылған. Сонымен қатар, 2017-2018 жылдары Н. деген адаммен сөз байласып, Ұлттық киноколлекциясын цифрландыру үшін жарияланған тендер кезінде 196 млн теңге жымқырған дейді. Ал 2019-2020 жылдар аралығында "Қазақстанның ұлттық киелі орындары мен мұражай қорларын 3D сканерлеу" жобасынан 1,5 млрд теңгені де ұрлаған.

2023 жылы Арыстанбек Мұхамедиұлы ұлттық музейдің директоры болып тұрған тұста "бюджеттен бөлінген 221 млн теңгені жымқырды" деген айыппен 8 жылға сотталған еді. Ол өзіне тағылған айыптармен келіспей, "жұмысым бір адамдарға ұнамай, солар соттатып жатыр" деген. Биыл 13 ақпанда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Мұхамедиұлын "аса ірі көлемде пара беруге оқталғаны үшін" кінәлі деп танып, оның жаза мерзіміне тағы үш жыл қосып, түпкілікті 11 жылға бас бостандығынан айырған.

Бұл іс бойынша Мұхамедиұлының әйелі Ғалия Ысқақова "Парақорлыққа делдал болу" бабы бойынша алты айға сотталды. Оларға өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Ал экс-министрдің адвокаты Мұстахим Төлеев "аса ірі көлемде алаяқтық жасады" деп айыпталып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Сот оған 10 жылға адвокаттық қызметпен айналысуына тыйым салды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар