Қазақстандық шоу-бизнес әлемінде үлкен резонанс тудырған оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер жария болды. Белгілі журналист Жан Ахмадиев әлеуметтік желідегі парақшасында «Нұр-Мұқасан» тобына жаңадан қосылған жас әншіге шабуыл жасалғаны туралы хабар таратты, деп жазады Alash.kz.
Ахмадиевтің айтуынша, оқиғаға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Мұқасан Шахзадаев қатысқан болуы мүмкін. Журналист жағдайды баяндаған видеоматериалды да жариялаған.
«Маған бүгін “Нұр- Мұқасан” тобына жаңадан қосылған жас әнші Ғалымжан бауырым хабарласты. Ол Мұқасан Шахзадаевтан таяқ жегенін жеткізді. Оның айтуына қарағанда, Мұқасан бірнеше адаммен қосылып, оны аяусыз соққыға жығыпты. Соның салдарынан Ғалымжан түрлі дене жарақатын алып, тіпті мұрны мен қолы сынған. Қазір ол Шахзадаев жазадан құтылып кетуі мүмкін деп алаңдап отыр», — деп жазды Жан Ахмадиев.
Жас әншінің айтуынша, оқиға кезінде бірнеше адам қатысып, шабуыл өте қатігез түрде болған. Ғалымжанның денсаулығына айтарлықтай зиян келген.