Қайрат Нұртас бостандыққа шықты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесін ата-анасы, достары жанкүйерлерімен бірге күтіп алды.
«Қолдау көрсеткен баршаңызға рақмет. Менде бәрі жақсы», — деп пікір білдірді Қайрат Нұртас.
Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова өз сұхбатында мұндай қиындықты ешкімге тілемейтінін айтып, сындарлы сәтте қолдау білдіргендерге алғысын білдірді.