Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мұндай әкенің барынан жоғы жақсы". Маңғыстаулық жігіт өз отбасын аяусыз сабайтын әкесінен құтқаруды сұрады

17:31, 02 маусым 2024 507

Алматы қаласында жұмыс істейтін маңғыстаулық жігіт отбасындағы жағдайды айтып инстаграм желісіне видео жүктеді. Алматыда жүріп Маңғыстаудағы үй-ішіне  алаңдаған азамат әкесінің әрекетіне шағымданып, анасы мен бауырына арашашы болуды өтінді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Видео жүктеген жігіт өзінің де азапты балалық шағын, әкесінен талай таяқ жеген кездерін айтты. "50 ден асса да жаман әдетін қоймайтын әкенің барынан жоғы жақсы" екенін баяндады:

«Маңғыстау облысы  Мұнайлы аудан полициясына келдік. Полицияның айтуынша жәбірленушінің алған жарақатына қарай күдікті жазаланады. Қазір әкемді ұстап, қайта жібере салады. Ол шыққаннан кейін одан сайын өшігіп, інім мен анамды өлімші етіп сабайды. Өзім Алматыға жұмысыма кетер болса бұлардың күні не болмақ?

Әкем мені де бала күнімде үнемі сабайтын, қолына түскен оқтаумен ұратын. Анам екеуімізді кезекпен сабайтын. Енді інім мен анама тыныштық жоқ. Не себепті отбасылық зұлымдық жасаушыларды қатаң жазаламайды? Міндетті түрде біреу алған таяқтан қайтыс болуы керек пе?»- деп ашынды жігіт.

kyn.kz парақшасы аталмыш видеоны бөлікті: 
 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар