Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мултьфильмдер шығаруға болады": мүфтият жаңа пәтуа шығарды

13:07, 20 қаңтар 2025 83
ҚМДБ ғұламалар кеңесі сурет салуға қатысты пәтуа шығарды, деп жазады Alash.KZ.
 
Ғалымдар сурет салудың үкімін екіге бөліп қарастырады:
 
Жансыз заттардың суретін салу. Төрт мәзһабтың (ханафи, мәлики, шафиғи, ханбали) ғалымдары жансыз нәрселердің суретін салуға рұқсат етілгендігіне бірауыздан келіскен. Ибн Аббастан жеткен риуаятта сурет салушыға: «Бұдан басқа жұмыс жасай алмасаң, мына ағаштың суретін немесе кез келген жансыз затты бейнеленген» – деген.
 
Тірі жанның суретін салу. Бұл – ғұламалардың арасында тартысты мәселе. Жұмһур (ханафи, шафиғи, ханбали) ғалымдары тірі жанның толық бейнесін салуға тыйым салған. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Қиямет күні қатты азапқа тартылатындар – суретшілер» – деген.
 
Осы ретте заманымыздың ғалымдары ойыншыққа салыстыра отырып білім беру мақсатында жаны бар нәрсенің суретін салуға рұқсат берген. Сондай-ақ тәрбиелік мәні бар, пайдалы, шариғаттың қағидаттарына қайшы келмейтін мултьфильмдерді шығаруға да рұқсат етіледі

- делінген пәтуада.
 
Qaz365.kz телеграм арнасының жазуынша, шешім мынадай: 
 
Жансыз заттың суретін салуға рұқсат етіледі. 
 
Білім беруде, ғылыми мақсатта жаны бар нәрсенің суретін салудың оқасы жоқ. 
 
Тәрбиелік мәні бар, шариғаттың қағидаттарына қайшы келмейтін мултьфильмдерді шығаруға болады. 
 
Пайғамбарлардың бейнесін бейнелеу – харам.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар