Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жердің топырағы мен жусаны қойылды (ВИДЕО)

12:18, 22 қыркүйек 2025 76

АҚШ-тың Вашингтон қаласында жерленген қазақ әдебиетінің алыбы Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған елдің топырағы мен жусаны жеткізілді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл – халқымыздың ежелгі дәстүрі саналатын «топырақ апару» рәсіміне сай жасалған қадам.

Жазушының ұлы Едіге Мағауин ата-бабалары жерленген киелі мекеннен топырақ алып, әкесінің мәңгілік мекеніне қойды. Зияратқа Вашингтондағы Kazakh American Association ұйымының өкілдері де қатысты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар