Шерзат Болаттың ісінде жәбірленуші тараптың мүддесін қорғаған адвокат Мейірман Шекеев желіде парақшасында жазба жариялап, жаңалығын жеткізді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Заңгер шетте жүрген қандастарымыз елге оралғанын хабарлады.
«Тарыдай шашылған қазағымызды түйірлеп жинауға тура келіп отыр. Қаншама шаршағаның, баласы үшін шырылдаған ананың қуанған көз жасын көргенде әп-сәтте жоқ болып кетеді екен. Алланың қалауымен міне, Украинадағы соғыстың құрбаны болып кетуге сәл-ақ қалған, одан қалса Ресей Федерациясында темір торға тоғытылған балаларымыздың 21-шісін елге алып келдік. Бұл жолы бірден үш бала келді. Қуанышымызда шек жоқ. Қуанышыңмен бөліссең көбейеді деуші еді. Бөлісе отырайық. Қазағымның қуанышы көбейе берсін. Аналар тек қуаныштан жыласыншы», – деп жазды заңгер.