Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті, КСРО және Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулет Болатұлы Тұрлыханов Загребте өтіп жатқан Әлем чемпионатындағы жарқын жеңіс туралы пікірімен бөлісіп, дүйім қазақты ХХІ ғасырдағы алғашқы алтынмен құттықтады, деп хабарлайды Alash.kz.
Дәулет Болатұлы "бұл жеңіс - бәріне ортақ" екенін, ширек ғасырдан астам күткен күннің көзге жас үйіркенін жасырмады. "Бүгінгі алтын медаль - жас таланттардың жетістігінің басы" екенін сенімді түрде жеткізді.
Спорт жанкүйерлері! Қадірменді, күрес жанкүйерлері! 25 жылдан астам уақыт күткен алтын медаліміз! Грек-рим күресінен Әлем чемпионатынан ересектер арасында! Міне, бүгін біздің 60 кг Айдос Сұлтанғали бауырымыз қол жеткізіп отыр! Бұл - біздің ортақ жеңісіміз! Құтты болсын көптен күткен алтын медаліміз! Бұл тек қана жеңіс жолының бастамасы болсын!
Алдағы қоятын мақсат, бұл - жеңіс! Алтын медаль біреу-ақ болады. Сол алтын медальға жетсек деген үлкен мақсатпен жүреміз. Бұл өте қуанышты болды. Көзге кішкене жас та алып алдық! Бұл - қуаныш жасы!
Біздің жас балуандардың талабын көрдіңіздер! Жас талантты балуандар өсіп келе жатыр. Кішкене кемшіліктер бар шығар. Бірақ, болашақта жаттығу барысында жақсылап оларды дайындаймыз.
Құтты болсын! Бүгін тек қана жақсылық туралы айтуымыз керек! Айдос бауырымыз жарады!
Барлық жаттықтырушыларға, барлық балуандарымыздың осындай нәтижелерге жетуіне көмектескен дәрігерлеріміз бар, массажистеріміз бар, басқа функционерлердің бәріне, облыстық, республикалық деңгейдегі жаттықтырушылардың бәріне рақмет айтамыз!