Кинооператор, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері Юрий Шайгарданов 71 жасында дүниеден озды. Бұл туралы Ресей кинематографистер одағы хабарлады, деп жазады Alash.kz.
«Арамыздан үлкен суреткер, жақын әрі қымбатты жан кетті. “Қайғырмыз” деу аздық етеді. Бұл – бәріміз үшін ортақ қасірет. Юраның отбасына және достарына көңіл айтамыз», – делінген ұйымның ресми сайтында.
Белгілі кинооператор 20 қыркүйекке қараған түні қайтыс болды. Қазаның себебі нақты жарияланған жоқ.
Юрий Шайгарданов 1954 жылы дүниеге келген. Ол ВГИК-тің операторлық факультетінде Вадим Юсовтың шеберханасында білім алып, кейіннен Ресей кинооператорлары гильдиясының «Ақ шаршы» сыйлығына ие болды.
Шайгарданов әр жылдары көптеген танымал фильмдерде еңбек етті. Оның шығармашылығында «Еске түсірейік, жолдастар!» (1987), «Ит жүрегі» (1988), «Кезбе автобус» (1989), «Саңыраулар елі» (1997), «Магниттік дауылдар» (2003) және «Риорита» (2008) сынды картиналар бар.