Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жағдай ушығып барады: Зеленскийдің әйелі маңызды кездесуге дайындалып жатыр

10:01, 21 қыркүйек 2025 422

Украина президенті Владимир Зеленский алдағы аптада Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп Alash.kz ұлттық порталы "Интерфакс-Украина" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, сапар бағдарламасында көптеген екіжақты кездесулер қарастырылған, соның ішінде АҚШ көшбасшысымен келіссөздер де бар.

Зеленскийдің пайымдауынша, әңгіме Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдіктері мен Ресейге қарсы санкциялар жайында өрбімек.

"Біз серіктестер Украинаға қандай кепілдіктер бере алатынын және Ресейге қарсы санкциялық қысымды күшейту қадамдарын талқылаймыз", – деді ол.

Сондай-ақ, Украина басшысы алғашқы ханымдардың – жұбайы Елена Зеленская мен Мелания Трамптың мүмкін болатын кездесуін де хабарлады. Кездесуде гуманитарлық мәселелер, әсіресе балаларды қорғау тақырыбы талқыланбақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар