Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Халық қынадай қырылып жатыр". Газа секторындағы қаза тапқандар саны 65 208 адамға жетті

19:50, 20 қыркүйек 2025 226

2023 жылғы 7 қазаннан бері Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан қаза тапқан палестиналықтар саны 65 208 адамға жетті, деп хабарлайды Alash.KZ порталы.

Anadolu агенттігі аймақтағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдесіне сүйеніп хабар тартты.

Хабарға сенсек, соңғы тәуліктің өзінде Израиль әуе шабуылдарынан 34 адам қаза тауып, 200 адам жараланған.

19 қаңтарда күшіне енген атысты тоқтату келісімі 18 наурызда бұзылғаннан. Кейін Израиль әскерінің шабуылдарынан 12 653 адам қаза тауып, 54 230 адам жарақат алған.

2025 жылдың 27 мамырынан бері Израиль мен АҚШ-тың бақылауындағы «гуманитарлық көмек тарату пунктеріне» жасалған жүйелі шабуылдардан 2 518 адам көз жұмып, 18 449 адам жараланған.

Жалпы алғанда, 7 қазаннан бері құрбан болғандар саны 65 208 адамға, жараланғандар саны 166 271 адамға жетті. Аймақтағы қирандылардың астында әлі де мыңдаған адамның мәйіті жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар