Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мұхтар Әбіләзов Қазақстанға экстрадициялана ма?

09:25, 30 қараша 2022 290
Қазақстанда 20 жылға сырттай сотталған қашқын банкир Мұхтар Әбіләзов көп жылдан бері Францияда жүр. Екі ел арасында экстрадиция туралы келісім болмағандықтан, ол жауапкершілікке тартылмайды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оны экстрадициялау бойынша келіссөздерді жалғастыруда.

Бұл туралы парламент мәжілісі отырысында дипломатиялық департамент басшысының орынбасары Роман Василенко айтты. Бірақ ол бұл мәселені құқық қорғау органдары қадағалайтынын атап өтті. Президент Тоқаев Францияға соңғы сапары кезінде президент Макронмен бұл тақырыпты талқылаған жоқ.

 
– Бұл мәселе саяси деңгейде талқыланбайды, бұл Еуропа мен АҚШ-ты қоса алғанда, сот билігінің құзыреті. Өздеріңіз білетіндей, Әбіләзов мырза Қазақстанда құқық бұзушылық пен қылмыс жасағаны үшін 20 жылға сотталған. Лондонның Жоғарғы соты оны БТА банкінен төрт миллиардқа жуық ақшаны ұрлағаны үшін де соттады. Сонымен қатар, қазір АҚШ, Ұлыбритания және Францияда оған қатысты басқа да түрлі процестер жүріп жатыр, – деді Василенко.

Оның айтуынша, елдер оны экстрадициялау мәселесін талқылауды жалғастырады.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар