Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ми соққыдан қатты зақым алған: Жеке балабақшада тәрбиеші 2 жасқа толмаған сәбиді аямай ұрған (ВИДЕО)

18:18, 15 қаңтар 2025 350

Екібастұздағы балабақшада тәрбиеші баланы ұрып-соқты деген видео тарады, деп хабарлайды Alash.kz.

Әлеуметтік желілерде тәрбиешінің баланың басын көрпемен жауып, ұрып жатқаны бейнеленген.

Пост авторының айтуынша, оқиға “Сәби сити” жеке балабақшасында болған. Екібастұз қаласының білім беру басқармасы бұл жағдайға қатысты пікір білдірді:

“Аталған факт жеке балабақшада орын алған. Тергеу амалдары жүргізілуде, нәтижесінде тиісті шаралар қабылданады”, – деп хабарлады басқарма өкілдері.

Бейнежазба астындағы пікірлерде баланың қатты соққы алғаны және оның дене жарақаттары тіркелгені айтылған.

“Сараптама нәтижелері бойынша балада ми шайқалуы, гематомалар, мидың соққыдан зақымдануы секілді жарақаттар анықталған. Бала небәрі 1,8 жаста”, – делінген хабарламада.

Оқиғаға баланың туыстары да үн қосты.

“Видеодағы менің жиенім, ол әлі екі жасқа да толған жоқ! Бұл видеодағы жағдай толық емес, әрі қарай бұдан да жаман нәрселер бар. Бала күндізгі ұйқы кезінде ұйықтағысы келмеді, ал олар осылай істеді… Қандай құқықпен олар өзгенің балаларына осылай қарайды? Өз балаларыңды ұрсаңдаршы, ал басқаның баласына тиісуге хақыларың жоқ. Бала қазір психологиялық және басқа да жарақат алды!” – деді баланың туысы.

Liter.kz редакциясына Павлодар облысы полиция департаменті бұл жағдайға қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады:

“Аталған факт Экибастұз қалалық полиция басқармасында тіркелді. Видеоға қатысты полиция тексеру шараларын жүргізуде. Оның нәтижесінде жауапты тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі”, – делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар