Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мереке қарсаңындағы қайғы: Полиция полковнигі ауыр жол апатынан қаза тапты

12:30, 07 мамыр 2025

Қостанай облысында полиция подполковнигі қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Қостанай облысында полиция подполковнигі Батырсаим Зайтинов қаза тапты.

Ол қызметтік міндетін атқарып жүрген кезде жол-көлік оқиғасы орын алған.

Бұл жайлы Ішкі істер министрі Ержан Саденов хабарлады.

Ресми мәлімдемесінде ол марқұмның отбасына және әріптестеріне көңіл айтты:

«Қостанай облысы полиция департаментінің учаскелік инспекторының туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Оның есімі ведомство мен әріптестерінің жадында мәңгі сақталады», — деп жазды Саденов Instagram парақшасында.

Жол апатының мән-жайы әзірге жарияланған жоқ. ІІМ марқұмның отбасына барлық қажетті көмекті көрсететінін мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар