Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Менің қызымда жұмысыңыз болмасын”: Ұранхаевтың қызы құны 20 миллион теңгенің сөмкесін ұстайтыны рас па?

13:15, 15 шілде 2024 831

Журналист Асхат Ниязов "Обожаю" бағдарламасында Нұрлан Ұранхаевтан "көп ақша қызыңызда қайдан жүр?” деп сұрайды. Абай облысының әкімі журналиске “менің қызымда сіздің жұмысыңыз болмасын” деп дөрекі жауап береді деп, хабарлайды Alash.KZ.

Сондай-ақ әкім қызында бренд, қымбат бұйымдардың жоғын айтты. Айтуынша, қызы қарапайым студент, әрі пәтерді жалға алып тұратын көрінеді.

"Көлігі жоқ, чартерлік рейспен ұшпайды. Миллион теңге тұратындай не көрдіңіз? Менің ойымша, суреттерге қарап баға берудің қажеті жоқ. 20 миллион теңге тұратын сөмке ұстамайды. Жай ғана біреулер айтқысы келген”, – дейді ол.

Ұранхаевтың сөзінше, қызы жақында Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын аяқтап, диплом алыпты. Ол Қазақстанға келіп жұмыс істейді дейді. Қаласаңыз есепшоттағы әрекеттерді тексеріңіз, не кедергі, деді әкім.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар