Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Менің орныма Қайрат кетті”. Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов түрмеден шыға сала концерт қойды

12:36, 06 шілде 2024 4334

Ұшақ бортында стюардессаны балағаттап, жолаушылардың мазасын алған үшін бес тәулікке қамалған танымал әзілкеш, «Әзіл әлемі» театрының басшысы Тұрсынбек Қабатов бостандыққа шыға сала концерт қойды. Өз басынан өткен жағдайды қылжаққа бұрып,көрерменді күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

«Әзіл әлемі» театрының басшысы Тұрсынбек Қабатов бостандыққа шыға сала концерт беріп, басынан өткен жағдайды әзілмен әйдіптеді.

Тұрсынбек Қабатовтың концерт қойғаны жайлы әзілкештің әйелі Мөлдір Мұқанова желідегі парақшасында мәлімдеді. Концерттен үзінді видео салып: 

“Көрерменге деген құрметі қандай десейші! Бүгінгі концерттен үзінді. Халық жақсы көрмесе зал лық толмас еді. Барлық келген көрерменге мың алғыс! Айтпақшы, айта кетейінші, сынақ болуы болды ғой. Менің байқағаным, халық тарапынан қолдаушылар саны көп болды. Жақсы жазған жандар, сіздерге жақсылық еселеніп келе берсін», - деп жазды. 

Тұрсынбек Қабатов болса, басынан өткен жағдайды әзілге айналдырып, көрерменді қыран-топан күлдірген:

“Осы концертке өте мұқият дайындалдым. Бес күн дайындалдым. Арнайы, телефон, бәрін өшіріп тастадым. Ешқайда шықпай дайындалдым. Бүгін енді Қайрат кетті, барып концертіне дайындалады», - деді Тұрсынбек Қабатов. 

Естеріңізге сала кетейік, Қабатовқа қатысты іс Астана қалалық Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған.Сотта шоумен стюардессалардың нашар қызметіне көңілі толмайтынын айтып, оларға өз ескертуін білдірген. Ол өзінің әдепсіз сөз айтқаны немесе айтпағаны есінде жоқтығын алға тартқан. Бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұраған.


Қабатовтың кінәсі куәгердің айғақтарымен, жолаушыны полицияға беру актісімен, бейнежазбамен және медициналық сараптама қорытындысымен расталды.
Сот шешімімен шоумен әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар