Танымал әнші Әли Оқаповтың жұбайы Ақерке Бүркітбай енесі, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваны туған күнімен ерекше ықыласпен құттықтады, деп жазады Alash.kz.
Келінінің жүрекжарды лебізі әлеуметтік желіде жарияланып, көпшіліктің жылы пікіріне бөленді.
"Туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын, Мам! Сіз мен үшін екінші анадайсыз! Сізге ұзақ ғұмыр, жүрегіңізге тыныштық пен бақыт тілеймін", – деп жазды Ақерке Бүркітбай.
Желі қолданушылары келін мен ененің арасындағы сыйластыққа тәнті болып, отбасының жарасымына жылы лебіздерін білдірді.