Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мені Қонаевта зорлаған адамға Жанқош Тұраровтың қатысы бар болуы мүмкін – Әнару Қалдыбек шұғыл мәлімдеме жасады

13:03, 26 тамыз 2024 6830

Әнару Қалдыбек осы жылдың 4 шілдесінде оны Қонаев қаласында такси жүргізушісі зорлағанын растады. Қыз бұған да Жанқош Тұраровтың қатысы бар болуы мүмкін деп санайды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýhy ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Әнару 4 шілде күні полицияға арыз түсірген.

«Ол жағдай сол күні болған. Осы жағдайдың бәріне Жанқоштың қатысы бар деп ойлаймын. Себебі ол менің артымнан қалмайтын, Ақтауға кетсе де, жетіп келеді, Грузияға кетсем де соңымнан қалмады.  Жанқоштың қатысы бар сияқты. Қонаевтан үйге қайтып бара жатқанмын. Қонаев қаласында құрбыммен кездесіп, мейрамханадан тамақ іштік. Сол күні бір стақан коктейль ғана іштім. Есімнен танған жоқпын, масайған жоқпын. Жай ғана үйіме кетіп бара жатқан адам едім. Телефоным өшіп қалғандықтан, көлікті жолдың бойынан тоқтаттым. Құрбым «қайда барасың, қал» деген, мен үйге барғым келіп тұр деп кетіп қалдым», - дейді қыз.

Айтуынша, оны көлік рөлінде отырған жігіт зорлаған.

«Бұл жағдай туралы мен қазір ақпарат бергім келмейді, эмоционалды түрде қатты шаршап тұрмын, эмоционалды жай-күйім өте қиын. Бұл Жанқоштың оқиғасына қатысы жоқ оқиға ғой, бірақ мен Жанқоштың адамдары ма деген күдігім бар. Сондай ой бар», - дейді Әнару.

Естеріңізге салайық, танымал боксшы Жанқош Тұраров мені зорлады деп арыз жазған Әнару Құрманәлиева Azattyq Rýhy редакциясын сұхбатқа шақырып, боксшыны неше жылдан бері білетінін, онымен алғаш рет қалай танысқанын және Жанқош Тұраров 6 жылдан бері не деп алдап келе жатқанын айтып берген еді.

21 тамызда әлеуметтік желіде танымал боксшы Жанқош Тұраров Әнару Қалдыбекті зорлады деген ақпарат тарады. Алматы қаласының полициясы мұны растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Осыдан кейін Әнаруды бір ай бұрын белгісіз біреулер Қонаев қаласында зорлағаны туралы қауесет тарады. Оқиға төртінші шілде күні болған. Қыз полицияға өзі арызданған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар