Танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде видео жариялап, көпшілік пен жұбайы Толқыннан кешірім сұрады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Өнер иесі видеода уәдесінде тұра алмағанын әзіл-қалжыңмен жеткізді. Оның айтуынша, ол таңертең ерте тұрып, жүгіруді бастайтынын айтып уәде берген. Алайда бұл жоспарын орындамағанын мойындап, халықтан және жары Толқыннан кешірім сұрады.
- Толқын, сенен де кешірім сұраймын. Уәде бердім, орындай алмадым. Таңертең ерте тұрып, жүгіремін деген едім. Өкінішке қарай, жүгірмедім. Ертеңнен бастап жүгіремін, құдай қаласа», – деді әнші күле отырып.
Айта кетейік, бұған дейін де өнер иесі денсаулыққа көңіл бөліп, спортпен шұғылданатынын айтқан болатын. Енді әнші уәдесінде тұрып, жүгіруді қолға алатынын жеткізді.