Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Италияда аяқ алып жүру мүмкін емес. Бәрі Қазақстан туралы сұрайды". Белгілі спорт журналиcі чемпион Михаил Шайдоровқа алғыс айтты

19:12, 24 ақпан 2026

Спорт журналисі Аслан Қаженов Миландағы әсерімен бөлісіп, қазақстандық спортшының жеңісі ел абыройын асқақтатқанын айтты, деп жазлы Alash.kz.

Оның сөзінше, Италияның Милан қаласында кеудесіне тағылған көк туға жұрт ерекше назар аударып, Қазақстан жайлы сұраған. Мұндай қызығушылыққа отандасымыз Михаил Шайдоровтың тарихи алтын жүлдесі себеп болған.

- Миланда аяқ алып жүру мүмкін емес. Көшеде кеудемдегі көк туды көріп, бәрі Қазақстан туралы сұрайды. Михаил Шайдоровтың тарихи алтыны еліміздің танымалдылығын арттырды. Көпшілікті картадан қазақ елін іздеуге мәжбүр болды. Керемет сезім. Керемет эмоция. Алдағы уақытта осы жеңіс жолы жалғасын тауып, бізден шыққан қыз-жігіттер әлі талай әлемді мойындаты деп сенемін. Бұл ешқандай ақшаға сатып ала алмайтын абырой. Бұл ешқандай материалдық құндылықпен өлшенбейтін мәртебе. Рахмет саған, Миша! Алға, Қазақстан! – деді Аслан Қаженов.

Журналистің айтуынша, халықаралық аренадағы мұндай жетістіктер елдің танымалдылығын арттырып қана қоймай, ұлттық рухты да көтереді.

 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар