Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ядролық қаруды иеленуіне жол бермеймін…»: Трамп тың пікір білдірді

10:01, 25 ақпан 2026

Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп Конгрестің қос палатасының мүшелері алдында елдегі ағымдағы ахуалға қатысты екі сағатқа жуық баяндама жасады, деп жазады Alash.kz. 

АҚШ басшысы өз сөзінде ішкі экономикалық мәселелерден бастап, халықаралық қауіпсіздік тақырыптарына дейін кеңінен тоқталды.

Сыртқы саясат бағытында Президент АҚШ-тың Иран Ислам Республикасымен арадағы түйткілдерді дипломатиялық тетіктер арқылы реттеуге мүдделі екенін мәлімдеді. Дегенмен, Тегеран тарапынан ядролық бағдарламадан толық бас тарту жөнінде нақты кепілдіктер берілмегенін атап өтті.

Осы мәселеге байланысты Дональд Трамп: «Мен ешқашан әлемдегі ең ірі терроризмнің демеушілісіне ядролық қаруды иеленуіне жол бермеймін», - деп кесімді пікірін білдірді.

Сонымен қатар, АҚШ Президенті елдің Жоғарғы соты тарапынан тарифтерге қатысты шығарылған шешімге наразылығын танытты. Ол аталған сот актісін «сәтсіз» деп бағалап, бұл мәселе бойынша өз көңілі қалғанын жеткізді. Мемлекет басшысы қолданыстағы тарифтерді заңды негізде сақтап қалудың балама жолдарын іздестіретінін атап көрсетті.

Ішкі саяси реформалар аясында Трамп Конгресс өкілдерін «Американы құтқару туралы» жаңа заң жобасын қабылдауға үндеді. Аталған құжаттың негізгі талабы бойынша, сайлау процесіне қатысушы азаматтар өздерінің АҚШ азаматы екендігін ресми түрде дәлелдеуге міндеттеледі.

Қорытындылай келе, Президент өз әкімшілігінің атқарған жұмыстарына оң баға беріп, экономикалық өсім, ұлттық қауіпсіздікті нығайту және сыртқы саяси аренадағы жетістіктерді «теңдессіз табыс» ретінде сипаттады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар