Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көкшетаулық екі оқушы Олимпиададан жеңіп алған қаржылай сыйлығын мұқтаж отбасыларға табыстады

21:13, 24 ақпан 2026

Көкшетау қаласының екі оқушысы олимпиададан жеңіп алған және өздері жинаған қаржыны мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуге бағыттады, деп хабарлайды Alash.kz.

Жас өрен Азамат Аманжолов білім сайысында жоғары нәтиже көрсетіп, 35 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ие болған. Бұл жетістік — ұзақ дайындықтың, табандылықтың, мұғалімдер қолдауының және өзіне деген сенімнің нәтижесі.

Ал оның досы Данияр Байбусинов біраз уақыт бойы қаражат үнемдеп, жеке жинақ жасаған.

Екі оқушы бұл қаражатты өз қажеттіліктеріне немесе ойын-сауыққа жұмсауына болар еді. Алайда олар мүлде басқа шешім қабылдады. Ақылдаса келе, жиналған қаржыны ерекше мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағыттауды ұйғарған.

Олар қажетті азық-түлік сатып алып, қиын жағдайға тап болған отбасыларға табыстады. Жасөспірімдердің айтуынша, бұл — жүрек қалауымен әрі саналы түрде жасалған қадам.

Азамат пен Даниярдың игі ісі ұстаздардың, ата-аналардың және қала тұрғындарының шынайы құрметіне ие болды. Көпшілік дәл осындай жастар ел болашағы екенін атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар