Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазақтың Қыз Жібегі»: Бүгін Меруерт Өтекешова 75 жасқа толды

13:33, 25 ақпан 2026

Бүгін саналы ғұмырын ұлттық мәдениеттің дамуына арнаған, қазақ киносы мен театр өнерінің көрнекті тұлғасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова 75 жасқа толды, деп хабарлайды Alash.kz.

1951 жылы Орал қаласында дүние есігін ашқан өнер иесі көпжылдық шығармашылық жолында мемлекеттік деңгейдегі жоғары марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, Меруерт Өтекешова Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының (1978) және «Жігер» фестивалінің (1982) лауреаты, сондай-ақ Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі (1982) атағын алған. Оның еңбегі «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен, «Құрмет» (2008) және «Парасат» (2017) ордендерімен ерекшеленді.

Сонымен қатар, актриса 2017 жылы «Сахнагер» ұлттық театр сыйлығының «Сахналық ғұмыр» номинациясын жеңіп алып, 2017-2018 жылдары мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияның иегері атанды.

2025 жылы Республика күні қарсаңында «Қазақтың Қыз Жібегі» Қазақстанның Халық Әртісі атағын алды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар