Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Кешірім сұраймын". Әнші Төреғали Төрәлі халықтан және әйелінен кешірім сұрап, уәдесінде тұра алмағын жеткізді

14:36, 25 ақпан 2026

Танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде видео жариялап, көпшілік пен жұбайы Толқыннан кешірім сұрады, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

Өнер иесі видеода уәдесінде тұра алмағанын әзіл-қалжыңмен жеткізді. Оның айтуынша, ол таңертең ерте тұрып, жүгіруді бастайтынын айтып уәде берген. Алайда бұл жоспарын орындамағанын мойындап, халықтан және жары Толқыннан кешірім сұрады.

- Толқын, сенен де кешірім сұраймын. Уәде бердім, орындай алмадым. Таңертең ерте тұрып, жүгіремін деген едім. Өкінішке қарай, жүгірмедім. Ертеңнен бастап жүгіремін, құдай қаласа», – деді әнші күле отырып.

Айта кетейік, бұған дейін де өнер иесі денсаулыққа көңіл бөліп, спортпен шұғылданатынын айтқан болатын. Енді әнші уәдесінде тұрып, жүгіруді қолға алатынын жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар