Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қайтыс болған адамның жатырында жетілген". Ұлыбританияда ерекше "туған" сәби жайлы тың дерек шықты

19:38, 24 ақпан 2026

Ұлыбританияда қайтыс болған донордан алынған жатырды трансплантациялау нәтижесінде алғаш рет сәби дүниеге келді. Қазір кішкентай Хьюгоға 10 апта толды. Ол 2025 жылдың Рождество мерекесі қарсаңында Батыс Лондон қаласында туған, деп хабарлайды Alash.kz.

Сәбидің ата-анасы ұлдарының өмірге келуін «нағыз ғажайып» деп атайды. Олардың айтуынша, донордың отбасы зор мейірім мен жанқиярлық танытып, трансплантацияға келісім беру арқылы оларға «баға жетпес сый» жасаған.

Отаға және анасының жүктілік кезеңіндегі бақылауына Лондон мен Оксфорд қалаларының хирургтері қатысқан. Мамандар бұл оқиғаны трансплантология мен репродуктивті медицина саласындағы «үлкен серпіліс» деп бағалап отыр. Олардың пікірінше, мұндай тәжірибе жатыр патологиясы бар және өз бетінше жүкті бола алмайтын әйелдерге үміт сыйлауы мүмкін.

Айта кетейік, бұл — Ұлыбританиядағы жатыр трансплантациясынан кейінгі алғашқы туу емес. 2025 жылдың басында елде Эми есімді қыз бала дүниеге келген еді. Алайда ол кезде жатыр тірі донордан алынған болатын. Ал Хьюго — қайтыс болған донордың жатыры арқылы туған алғашқы сәби.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар