Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атышулы «Арқанкерген» оқиғасы мен «Сыра королі» ісінің судьясы туралы жаңа дерек мәлім болды

09:42, 25 ақпан 2026

Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Ербол Ахметжановтың қызметтен босатылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Аталған шешім судьяның осы лауазымдағы өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қабылданған.тЕрбол Ахметжанов бұған дейін қоғамда үлкен резонанс тудырған бірнеше ірі сот процестерін жүргізгенімен танымал. Атап айтқанда, ол 2012 жылғы «Арқанкерген» шекара бекетіндегі қайғылы оқиға бойынша айыпталған Владислав Челахқа қатысты істі қарап, оны өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын. Сондай-ақ оның төрағалығымен «Сыра королі» ретінде танылған кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің ісі қаралып, нәтижесінде сотталушы 21 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жоғары сот кеңесінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, төрағаның қызмет мерзімі аяқталуына орай, Мемлекет басшысына Жамбыл облыстық сотының жаңа басшысын тағайындау туралы тиісті ұсыныс жолданған. Президенттің арнайы Жарлығы шыққаннан кейін Е. Ахметжанов төрағалық міндетін ресми түрде тоқтатады.

Сонымен қатар Ербол Ахметжанов сот жүйесінен кетпейтіні нақтыланды. Ол Жамбыл облыстық сотының судьясы ретінде кәсіби қызметін әрі қарай жалғастырады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар