Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мең-зең болмай, талпын, оян, Алашым! - Міржақып Дулатұлы

22:57, 18 наурыз 2024 332

ЖАҢА ТІЛЕК

Жаңа жылда жаңа тілек тілелік,
Ескі жылды есмере де жүрелік.
Кеп жүрмесін қайта айналып түнеріп,
Көзің жасты, көңілің қаяу, Алашым!


Жұрт болудың ойланалық амалын,
Қамсыз жатар емес енді заманың.
Надандықтың қираталық қамалын,
Мақсатыңа ұмтыл таяу, Алашым!


Жау мен жұттан енді құдай сақтасын,
Қасекеңді қас масқара таптасын.
Кәрі-жасын енді ғафіл жатпасың,
Аш көзіңді, болма баяу, Алашым!


Өз қамыңды ойлан өзің ел болсаң,
Ел боламын, тең боламын дер болсаң.
Көктен теңдік келмес өзің кем болсаң,
Мең-зең болмай, талпын, оян, Алашым!


Ұшқан құстай, суда жүзген балықтай,
Табиғатты қолданушы халықтай.
Сен де енді сергісейші жалықпай,
Жүргеңіңше мәңгі жаяу, Алашым!


Бүгін халықтың қуанышы кең күні,
Күн менен түн - таразының тең күні.
«Құт-береке болмаса екен кем күні»,
Деп тілелік, қолын жай-ау, Алашым!

Міржақып Дулатұлы

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар