Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мен трансгендермін: Оралда қыздар жаппай төбелесті (ВИДЕО)

17:40, 11 ақпан 2025 268

Оралда мейрамхана алдында екі қыз төбелесіп, оғаш қылықтары желіде қызу талқылануда, деп хабарлайды Alash.kz.

Орал қаласында «Домбыра» мейрамханасының алдында екі бойжеткен арасында жанжал туындап, төбелеске ұласқан.

Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде кең таралып, қоғамда қызу пікірталас тудырды. 

Көпшіліктің ерекше назарын аудартқан жайт – төбелес кезінде қыздардың бірінің өзін трансгендермін деп мәлімдеуі болды.

Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, оқиғаға қатысушылардың бірі мас күйінде болған. Оған ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Көп ұзамай әлеуметтік желілерде төбелеске қатысты тағы бір видео пайда болды. Онда оқиғаға қатысқан адамның өзіне қолдау білдіріп жатқандар барын айтып, істің соңына дейін баратынын жеткізгені байқалады.

Айта кетейік, полиция төбелес кезінде суық қарудың қолданылғаны туралы ақпаратты растаған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар