Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мен сендерге үлгімін". Ерке Есмахан көпшілікке кеңес беріп, өзін үлгі тұтуға шақырды

17:38, 09 қараша 2024 1929

Әнші Ерке Есмахан концерт қойғаннан кейін арнайы жазба жариялады. Жазбада өзіне қарсы пікір айтқандардың "жер болғанына" қарап гүл-гүл жайнап отырғандығын жеткізді. Сонымен қатар көпшілікке өзін үлгі етуді ескертті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Кеше ерінбей концерт туралы жазылып жатқан пікірлерді шолып шықтым. Концертті жақсы өтті деп жазып қана қоймай, жаңа деңгей деп те бағалап жатыр екен. Жолдасым үшін риза болдым. Еңбегі ақталды. Мақсаты орындалды. Бірақ байқағаным ол емес. Байқағаным, біздің жұбымыз бен отбасымызды жақсы көретін адамдардың көбейгендігі. Бұрынғыдай қабылдай алмау, шеңберден шықпау деген түсінік жоқ. Еркектің сөзіне, жасына емес, жасаған ісіне мән беруді түсініпті. Ал, әйелдің әдемілігі ұштасса, бәрі керемет болатынын жазыпты. Бұрынғыдай жаман пікір мен хейт жоқтың қасы. Бақыт тілеп, сүйсініп, бата беріп жатқандар көп. Дегенмен, арасында өз өмірлеріне өкпелі жандар да табылады. Ауыр-ауыр сөздер жазып, жеңіл мазаққа жазатындар да жоқ емес. Жанашырларымыз бір жаман пікірге бізді жақтаған 10 жауап қайтарыпты. Соны оқып, гүл-гүл жайнап отырмын, – деді әнші. 

Сондай-ақ эстрада жұлдызы бір-бірін күндеп отыратын адамдарға өмірдің қысқа екенін ескертіп, өзін үлгі етуді ұсынды.

Жандарым, мына жалған өмірге келеміз де кетеміз. Болмайтын дүниеге уақыт құртпаңыздар! Фокус тек өзіңізде болсын. Ештеңеден қорықпай өздеріңіз махаббат, бақыт, тыныштық үшін күресіңіздер! Қиындау болып жатса, мені естеріңізге алыңыздар! Мен де бәріне бірдей қол жеткізген жоқпын. Мен сендерге үлгімін. Құшақтадым, – деп жазды өнер иесі.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар