Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мен ойнап жүрген жоқпын": Трамп ХАМАС-қа шүйлігіп, сес көрсетті

09:00, 15 қазан 2025 145

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдегі баспасөз жиынында ХАМАС өкілдері қарудан бас тартатынын уәде еткенін айтты, деп Alash.kz ұлттық порталы CNN-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл мәлімдемені Трамп Аргентина президенті Хавьер Милеимен бірлескен баспасөз мәслихатында жасады. Оның сөзінше, ХАМАС палестиналық қозғалысы оған қарудан бас тартатынын айтқан.

"Олар бізге қарудан бас тартамыз деді. Егер олар мұны істемесе – біз оларды қарудан айырамыз", – деді Трамп журналистерге.

Қалай жүзеге асыратының сұрағанда Трамп:

"Сіздерге оны түсіндіруім қажет емес, бірақ егер олар қарудан бас тартпаса, біз оларды қарудан айырамыз. Мен ойнап жүрген жоқпын", – деп жауап берді.

Трамп бұл әрекет "жылдам әрі қатал" болатынын да айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар