Алматылық ата-аналар дабыл қақты. Олар Алматы қаласының ауа сапасына шүйлікті, деп хабарлайды Alash.kz.
Алматылық балалар Тоқаевқа үндеу жасау челленджін бастады. Олар айына 60-70 темекі “шегеміз” деп айтып, Алматы ауасының тазаруына көңіл бөлуін өтінді.
Almaty Air Initiative қорының мәліметінше, әрбір алматылық жылына ауа арқылы 487 темекіге тең зиянды PM2.5 бөлшектерін жұтады.
Қор басшысы Жұлдыз Саулебекова түсіндіргендей, темекі түтіні – қала тұрғындары, соның ішінде балалар мен ересектер тыныс алатын ауаның сапасын көрсетудің бірден бір жолы. Балалардың өтініші арқылы олар Тоқаевтың назарын аударғысы келетінін баяндады.