ҚР Парламент Мәжілісінің отырысында Мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілінде сөйлеуге міндеттелуі хақында сөз қозғалды, деп жазады Alash.kz.
Мәжіліс депутаты Самат МұсабаевМемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайға мемлекеттің қызметшілерге қазақ тілін міндетті түрде білу туралы талап қоюға қатысты сұрақ қойды:
«Нақты айтқаныңызды қалап отырмын. Мемлекеттік қызметкерлерді қазақ тілін меңгеруге міндеттеуге қашан нақты талап қойылады?»
Дархан Жазықбай Депутаттың сұрағына жауап берді:
«Қазіргі таңда «мемлекеттік тіл - қазақ тілі» болып есептелінеді. Сондықтан, менің жеке пікірім, мемлекеттік қызметкерлердің бәрі қазақ тілін білуге міндетті».