Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Екі ауыр қылмыстық бап бойынша айып тағылды»: Атыраудағы қанды оқиғаның басты күдіктісі туралы тың дерек шықты

21:09, 17 наурыз 2026

Атырау облысының Жангелдин ауылында орын алған қайғылы оқиғаға қатысты ұсталған күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев енді екі бірдей қылмыстық бап бойынша жауапқа тартылмақ, деп хабарлайды Alash.kz.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бір отбасының қатыгездікпен өлтірілуіне байланысты қозғалған қылмыстық істің аясы кеңейді. Қазіргі уақытта күдікті Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (екі немесе одан да көп адамды өлтіру) және 188-баптың 2-бөлігі (алдын ала сөз байласу арқылы топ болып жасалған ұрлық) бойынша айыпталып отыр.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, Сұлтан Сәрсемәлиев сот санкциясымен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу амалдары белсенді жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның іске қатысы бар-жоғына қатысты мәлімдеме жасады. Ведомство өкілдері оның іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру мәселесі әлі де қаралып жатқанын, әзірге бұл тұрғыда нақты шешім шығарылмағанын атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар