Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ауыр жарақат емес»: Елдос Сметовтың денсаулығы туралы ақпарат белгілі болды

19:33, 17 наурыз 2026

Дзюдодан Париж Олимпиадасының жеңімпазы Елдос Сметов Тараз қаласында жеңіл ота жасатты. Спортшының жағдайы қазір тұрақты және ол алдағы уақытта жаттығуларына қайта кіріспек, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Спортшының денсаулығына қатысты мәліметті оның жақын досы әрі командаласы Ғұсман Қырғызбаев бөлісті. Оның айтуынша, чемпионның денесінде пайда болған кішігірім жараны сылып тастау үшін хирургиялық көмек қажет болған. Ғұсман Қырғызбаев отаның күрделі емес екенін және Елдостың көңіл-күйі жақсы екенін жеткізді.

«Елдос Сметовтің жағдайын әлеуметтік желіден көрдім. Жақында ол Тараз қаласында шағын ота жасатты. Кеше ғана хабарласып, жағдайын сұрадым. Ауыр жарақат емес. Денесіне бір жара шыққан екен, соны кесіп алып тастаған. Қазір Елдостың жағдайы жақсы», – деді Ғұсман Қырғызбаев.

Осы жаңалықтан кейін желі қолданушылары мен жанкүйерлер спортшыға ақ тілектерін жаудырып, тезірек сауығып кетуін тіледі. Командаласының болжамы бойынша, Олимпиада чемпионы оңалту кезеңінен өткен соң, 2026 жылдың жаз айларында боз кілемге қайта оралып, жанкүйерлерін жаңа жеңістерімен қуантуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар