Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда Санжар Боқаев қамауға алынды

13:25, 18 наурыз 2026

Алматыда қтғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz 

Бүгін Алматы қаласында қылмыстық іс аясында жүргізілген тергеу әрекеттері барысында Санжар Боқаев ұсталды. Ол ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128–131-баптарына сәйкес күдікті ретінде қамауға алынған.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Санжар Боқаев әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында бейнематериалдар жариялаған деген күдікке ілінді. Аталған видеоларда қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесу және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлау фактілері көрсетілген.

Құзырлы органдардың дерегінше, С.Боқаев бұл әрекеттерді өзі ұйымдастырып, қаржыландырған болуы мүмкін. Ол үшін табысы төмен азаматтарды тартып, оларға ақша ұсынып, заңсыз ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген деген болжам бар.

Сонымен қатар, ол аса ірі мөлшерде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке де ілініп отыр.

Қалған мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Дереккөз: Бас прокуратура

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар