Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Біз үшін жаңалық емес. Қорықпаймыз!»: Зеленский Израильдің сес көрсеткеніне жауап берді

20:16, 17 наурыз 2026

Украина Президенті Владимир Зеленский Иран Сыртқы істер министрлігінің Киевке бағытталған ескертулеріне жауап беріп, мұндай мәлімдемелердің елдегі қалыпты жағдайға айналғанын атап өтті, деп жазады Alash.kz.

Ресми Тегеран бұған дейін Украинаның Таяу Шығыстағы шиеленіске араласуының ықтимал салдарлары туралы мәлімдеме жасаған болатын. Украина лидері Израильдің i24NEWS телеарнасына берген сұхбатында бұл сес көрсетулердің мемлекет үшін ешқандай жаңалық емес екенін және елдің қауіпсіздік саясатына әсер етпейтінін жеткізді.

Президенттің айтуынша, Украина ұзақ уақыт бойы түрлі халықаралық қысымдар мен ақпараттық шабуылдар жағдайында өмір сүріп келеді. Ол өз сөзінде Киевтің мұндай жолдауларға қатысты ұстанымының берік екенін баса айтты.

«Тыңдаңыздар, жаңа ештеңе жоқ. Осы төрт жыл ішінде мен түрлі мәлімдемелерді естідім. Біз мұндай жолдаулардан қорықпаймыз. Соңғы төрт жылда, кем дегенде төрт жыл, негізінен 12 жыл бойы күн сайын осындай жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан біз үшін бұл жаңалық емес», — деді Владимир Зеленский.

Сұхбат барысында Украина тарапы сыртқы саяси қоқан-лоққыларға қарамастан, өзінің халықаралық міндеттемелері мен бағытын өзгеріссіз қалдыратыны белгілі болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар