Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Үлгеріміне қатысты қиындықтар себеп болуы мүмкін»: Алматыда 7-сынып оқушысының қазасы туралы тың ақпарат шықты

16:23, 17 наурыз 2026

Алматы қаласындағы жекеменшік мектептердің бірінде білім алған оқушының қазасына байланысты құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп жазады Alash.kz.

Оқиғаның мән-жайын Алматы қалалық полиция департаменті назарға алып, бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы негізінде іс қозғалғанын мәлімдеді. Бейресми дереккөздердің хабарлауынша, қайғылы жағдайға оқушының сабақ үлгерімі мен бағасына қатысты туындаған қиындықтар себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

Оқу орнының әкімшілігі қайтыс болған қыздың аталған мектепте аз ғана уақыт оқығанын растап, ресми түсініктеме берді.

«7-сынып оқушысының өліміне байланысты қайғылы жағдай оқу орнының аумағынан тыс жерде орын алды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр», – деп хабарлады мектеп басшылығы.

Сонымен қатар, білім мекемесінде оқушылардың қауіпсіздігі мен эмоционалдық жай-күйіне тұрақты бақылау жасалатыны, психологиялық қолдау шараларының ұйымдастырылатыны айтылды. Мектеп әкімшілігі марқұмның жеке деректері мен оқу кезеңіне қатысты толық ақпарат тек заң шеңберінде құзырлы органдарға ұсынылатынын жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар