Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«1,9 мыңнан астам дрон мен зымыран ұшырған»: Иран Дубайға сұмдық шабуыл жасады

15:36, 17 наурыз 2026

Иран тарапы Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағына 1,9 мыңнан астам зымыран мен ұшқышсыз ұшу аппаратын ұшырды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Әуе соққыларының салдарынан БАӘ-дегі Шах газ кен орны жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Сонымен қатар Фуджейра мұнай өнеркәсібі аймағында өрт тұтанып, мұнай тасымалдаушы танкер зақымдалды. Reuters агенттігінің мәліметінше, елдегі тәуліктік мұнай өндірісі екі есеге қысқарып, Ормуз бұғазының іс жүзінде жабылуына байланысты ADNOC мемлекеттік компаниясы өндіріс көлемін жаппай азайту туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін Дубай халықаралық әуежайындағы жанармай резервуары дрондар шабуылынан өртеніп, әуе қатынасында іркілістер туындаған болатын. 17 наурызға қараған түні аталған өрт толық сөндіріліп, ұшақтардың ұшу кестесі қайта қалпына келтірілді. Ресми мәлімет бойынша, шабуылдардан зардап шеккендер жоқ.

BBC тілшісі Азада Моширидің хабарлауынша, жергілікті билік өкілдері қалыптасқан жағдайға байланысты шұғыл шаралар қабылдап жатыр. Қазіргі уақытта келтірілген материалдық шығын көлемі есептелуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар