Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Мемлекеті бай, халқы кедей” қоғамға айналдық" - депутат Ерлан Саиров Назарбаевтың 30 жылдық кемшілігін сынапты

07:16, 10 қаңтар 2023 304
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Қаңтар оқиғасының қайталанбауы үшін заң мен тәртіп қажет екенін айтты.

“Әлемдік банк” есебі бойынша, Қазақстан халқының 15%-ы кедей санатында. 30 жылдың ішінде “Мемлекеті бай, халқы кедей” қоғамға айналдық. Халық саясаттан шектелді. Ескі жүйенің “әлеуметтік әділетсіздік” фактілері, халықты саясаттан шектету тенденциясы мемлекетті, қоғамды, жұртты “Қасіретті Қаңтарға” итермеледі, жақындатты”, – деді Ерлан Саиров.

Депутат Қаңтар оқиғасының қайталанбауы үшін заң мен тәртіп қажет екенін айтты.

“Қасіретті Қаңтар” тәрізді трагедия қайталанбауы тиіс! Мұндай ұлттық эксцесстер ата-бабамыз жүздеген жыл аңсаған Тәуелсіздікке орасан зор зиян тигізеді. Не істеу керек? Бізге заң мен тәртіп қажет! Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз, құтты мекеніміз жоқ!

Бауыржан Момышұлы “тәртіпке бағынған халық құл болмайды” деп бекер айтпаған.

Сөзімнің басында Қазақстандағы кедейлер саны жөнінде айттым, “аш бала тоқ баламен ойнамайды” еліміздегі кедейшілікті жоя отырып, әсіре байлардың да тәбетін азайту ең басты міндеттердің бірі”, – деді Ерлан Саиров.

Депутат Президенттің сайлауалды бағдарламасында халықты кедейліктің “шынжырынан” табанды түрде шығару, халықтың әл-ауқатын нақты өсірудің жолдары нақтыланып, қарастырылғанын атап өтті.


“Ауылды жерлерде халыққа үй шаруашылықтарын дамыту үшін 1 млн адамды қамтитын 1 трлн теңге бөлінеді. Алдағы жеті жылда 111 млн текше метр үй салынып, 3,3 млн адам жұмыспен қамтылуы тиіс. Бұл мәселені Үкімет сапалы, жүйелі, адамгершілік тұрғысынан орындауы тиіс! Өкінішке орай, бүгінгі Үкімет сылбыр, жұмыстары шала!” – деді депутат Ерлан Саиров.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар