Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мемлекет қызметшісі қазақ тілін білуге міндетті!»: Еділ Жаңбыршин өткір мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

09:34, 19 наурыз 2026

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын тілдік талаптар туралы мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Депутат «Мемлекет қызметшісі қазақ тілін білуге міндетті» деген ұстанымда:

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» заң жобасының бірінші оқылымын талқылау барысында әріптесім, Мәжіліс депутаты Самат Мусабаев өте орынды сұрақ қойды.

Өткен VII шақырылымда екеуміз мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік тілді еркін меңгеруі және мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде қазақ тілінен тапсырылатын тест нәтижесі есепке алынуы тиіс деген норманы ұсынғанбыз. Алайда Мәжіліс тарағаннан кейін бұл норма 2023 жылы Сенатта өтпей қалған. 

Осы шақырылымда Экология комитетінің қорытындысымен және депутаттар Самат Мусабаев пен Қазыбек Иса ның ұсыныстарымен, мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік тілді міндетті түрде білуге қатысты нормаларды қайта ұсындық. Агенттік төрағасы Дархан Жазықбайдың ұстанымын білдік — бұл дұрыс ұстаным, дәл осылай болуы керек.

Тоқ етері, Қазақстанда әрбір мемлекеттік қызметші Ата заңға сәйкес мемлекеттік тіл — қазақ тілін еркін меңгермесе, мемлекеттік қызметке қабылданбауы тиіс. Әсіресе, бұл талап саяси қызметшілерге және барлық деңгейдегі депутаттарға қатаң қойылуы қажет.

Конституция талабын орындау ең алдымен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметшілерінен басталуы тиіс! 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар