Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

10:49, 07 шілде 2024 467

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай Х парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

– Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Бұл мерекенің қазақ руханияты үшін мән-маңызы зор. Қастерлі аспап дала өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз. Домбыра төрден түспесін! - деп жазды Мемлекет басшысы. 

Жыл сайын 7-шілдеде қазақстандықтар Ұлттық домбыра күнін тойлайды. 

Ұлттық домбыра күні 2018 жылы Президент Жарлығымен бекітілген. Мереке ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және жаңғырту мақсатында бекітілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар