Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мектеп басшылығы мұғалімдерді тағы да лас іске итермелеген (ФОТО)

12:06, 30 сәуір 2024 541

Биыл 25 мамыр - мектеп бітіру салтанаты су тасқынына байланысты өтпейтін болды.

Кейбір мектептің директорлары қарамағындағы ұстаздардан соңғы қоңыраудың өтпейтінін қолдап, пост жазуды талап еткен. Бұл туралы депутат Дәулет Мұқаев өз инстаграм парақшасында жариялады.  

Желі қолданушыларының бірі депутат Дәулет Мұқаевқа жағдайды хабарлаған. Жоғарыдан соңғы қоңыраудың өтпейтінін қолдайтынын айтып, пост салуды талап еткен. Сонымен бірге ата-аналардан пікір алсын деген екен.   

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, хатты жіберуші адамның қай облыстан және кімдер екені анықталуда.

Алайда министрлік мұндай тапсырма болған-болмағанына нақты жауап бермеді.  

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар