Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Украина президенті Владимир Зеленский мен жалпы Украинаға қатысты тағы да ауыр сөздер айтты. Бұл туралы Alash.kz Minval live телеграм каналына сілтеп хабарлайды.
«Трамп әкімшілігі Киевтегі нацистік қаңғыбас итті тамақтандырғысы келмейді. Қартаң Еуропа оны қуана қабылдап: “Менің күшігім ғой!” – деп айқайлады», – деді Медведев.
Сонымен қатар, ол Украинаны «жабайы қабаған итке» теңеп, оны «жақсылап ұйықтату керек» дегенді меңзеді.