Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа алғаш рет КХДР сарбаздары қатысты

13:39, 09 мамыр 2026

Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа алғаш рет КХДР әскери қызметшілері қатысты, деп жазды Alash.kz. 

Бұл туралы салтанатты рәсімнің телетрансляциясы кезінде жүргізуші мәлімдеді.

Оның айтуынша, солтүстіккореялық әскерилер Курск облысы аумағындағы шайқастарда «неонацистік басқыншыларға» қарсы күресте елеулі үлес қосқан.

Сондай-ақ жүргізуші олардың жаппай ерлік, жанқиярлық және батылдық танытқанын атап өтті.

Қызыл алаңдағы Жеңіс парады жыл сайын Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті еске алу мақсатында өткізіледі. Биылғы шараға шетелдік әскери құрамалардың қатысуы да көпшіліктің назарын аударды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар